Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада өзін «Антикордың қызметкерімін» деп таныстырған алаяқ ұсталды

Қызылордада өзін «Антикордың қызметкерімін» деп таныстырған алаяқ ұсталды

Қызылордада жалған қызметтік куәлікпен жүрген 34 жастағы қала тұрғыны ұсталды.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы 1 мамыр күні сағат 18:52 шамасында қаланың орталық көшелерінің бірінде жол ережесін бұзған автокөлікке бағыт-бағдар беріліп, тоқтатылды.
Патрульдік полиция қызметкерлеріне жүргізуші өзін «Антикор-дың қызметкерімін» деп таныстырып қызметтік куәлігін ұсынған. Тексеру барысында қызметтік куәліктің жалған екендігі анықталып, айғақ заттар алынды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 385 – бабының 3 – бөлігімен (Көрiнеу жалған құжатты пайдалану) тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Полицейлер оқиғаның мән – жайларын анықтауда.
Сонымен қатар, аталған жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

kyzylorda-news.kz
04 мамыр 2022 ж. 509 0