Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұғалімдердің жалақысы тағы 25%-ға артады

Мұғалімдердің жалақысы тағы 25%-ға артады

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтердің жалақысы тағы 25%-ға өседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап балабақша тәрбиешілерінің, мектептер мен колледждер педагогтерінің, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесі мамандарының жалақысы тағы 25%-ға артады.

«Бүгін біз «Педагог мәртебесі туралы» заңның оң әсерін көріп отырмыз. 2023 жылдың қаңтарынан бастап педагогтердің жалақысы тағы 25%-ға ұлғаяды», деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Айта кетсек, мұғалімдер алатын жалақыға қосымша төлемдер де белгіленеді. Бұл біліктілік санаты (лауазымдық жалақының 30%-дан 50%-на дейін), магистр дәрежесі, ағылшын тіліндегі пәндерді жүргізу, дәптерлерді тексеру, сынып жетекшілігі және тәлімгерлік үшін қосымша төлемдер.

Министрдің айтуынша, 2022 жылдың екінші тоқсанында орта білім беру мамандарының орташа жалақысы 343 мың теңгені құрады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша педагогтердің жалақысы 2020 жылғы қаңтардан бастап жыл сайын 25%-ға көтеріліп келеді.
29 желтоқсан 2022 ж. 369 0