Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2023 жылы қазақстандықтар қалай демалады?

2023 жылы қазақстандықтар қалай демалады?

2023 жылы қазақстандықтарда 246 жұмыс күні, 106 демалыс күні және 13 мереке күні болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні тек бір күн - сәрсенбі демалыс.

Ал Наурыз мерекесінде (21-23 наурызда) қазақстандықтар үш күн демалады: 21 наурыздан 23 наурызға дейін. Бұл сейсенбі мен бейсенбі аралығы болмақ.

Қазақстан Халқы бірлігі күнінде (1 мамырда) қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады: 29 сәуірден 1 мамырға дейін.

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні жексенбіге түсіп тұрғандықтар дүйсенбі демалыс күні болмақ.

Ал Жеңіс күні биыл сейсенбіге сәйкес келіп тұр. Сондықтан қазақстандықтар 6 мамыр мен 9 мамыр аралығында төрт күн демалады.

2023 жылы Құрбан айттың бірінші күні 28 маусым болмақ. Қазақстандықтар сәрсенбі бір күн демалады.

Ал Астана күні (6 шілдеде) бейсенбіге түсіп тұр. Бүгінде egov.kz порталында Үкімет қаулысының жобасы жарияланған. Құжатта 1 шілде сенбіні жұмыс күні деп жариялап, ал келесі аптада, яғни 6-9 шілде аралығын демалыс деп жариялау жоспарланып отыр. Алайда бұл әлі нақты емес.

Конституция күні - 30 тамыз сәрсенбі, сондықтан ел азаматтары тек бір күн демалады. Республика күні (25 қазан) де сәрсенбі, қазақстандықтар бір күн демалады.

Тәуелсіздік күнінде биыл қазақстандықтар 16-18 желтоқсан аралығында үш күн қатар демалады. Себебі 16 желтоқсан сенбіге түсіп тұрғандықтан дүйсенбі демалыс күні болып бекітіледі.
09 қаңтар 2023 ж. 1 017 0