Қазақстандықтар қатарынан төрт күн демалады

Осы аптада 7, 8, 9 және 10 мамыр - демалыс. Нәтижесінде тұрғындар қатарынан төрт күн демалады - бейсенбіден жексенбіге дейін. Бұл күндері Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні атап өтіледі.
Елімізде әдетте 8 мамыр - жұмыс күні. Бірақ биыл мерекелік 9 мамыр сенбіге түсіп тұр. Сондықтан демалыс күні 8 мамырға ауыстырылды.
Қазақстанда жалпы алғанда мамырда 13 демалыс күні бар.
Айта кетейік, 11 мамырда Қазақстанда төтенше жағдай режимі аяқталуы мүмкін.