Төрт өңірде көлік қозғалысы шектелді

QazAvtoJol хабарлағандай, 11:15-тегі жағдай бойынша еліміздің төрт облысында орын алған қолайсыз ауа-райына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың жеті учаскесінде қозғалыс уақытша шектелді.
Автожолдарды тазарту үшін 250 бірлік жол-пайдалану техникасы мен 350-ден астам жұмысшы жұмылдырылды. Тәулігіне 900 текше метр мұзға қарсы материал жұмсалды.
Сондай-ақ ұлттық оператор 13 қаңтарда Павлодар облысының Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында келесі бағыттар бойынша қозғалыс шектелгенін атап өтті:
Астана – Ерейментау – Шідерті автожолының 205-259 шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейін);
Қалқаман - Баянауыл - Үміткер - Ботақара автожолының 0-231 шақырымы (Қалқаман кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейін).