Жеңілдетілген несие – жастарға

Микрокредитке «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы қол жеткізе алады және номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5 пайыздан аспайды. Сонымен бірге қарыздың ең жоғарғы сомасы 5 млн теңгеге дейін әрі кепіл міндетті түрде болуы қажет. Бұл несие жастарға кез келген мақсат үшін 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығына 7 жылға дейінгі уақытқа беріледі. Мемлекеттен жастарды қолдау мақсатында республикалық бюджеттен 28 млрд теңгеден астам қаржы бөлінбек. Осы мүмкіндік жастар толық пайдаланса, 5,7 мың жас жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етілмек.
Қазіргі таңда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен кредиттік шарт жасасу, «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-мен жергілікті атқарушы органдардың тапсырма шартын әзірлеу, бизнес-жобаларды қарау бойынша өңірлік комиссиялар құру бойынша жұмыстарын жүргізуде. Содан кейін несие алуға өтінім қабылдау уақыты белгілі болады.
«Толқын» ақпарат