Қызылордаға 20 вагон көмір жеткізілді

«Қаңтар айына облысқа 339 вагон қатты отын қорын жеткізу жоспарланған болатын. Бүгінде 286 вагон көмір әкелінді. Жалпы күнделікті 15-20 вагон көмір келіп түсуде. Оның жартысы облыс орталығына тиесілі болса, қалғаны аудандарға тасымалдануда. Сонымен қатар, жолда 62 вагон көмір келе жатыр. Көмір бағасы 16 700 теңгеден тұрғындарға сатылуда. Біз Қазақстан темір жолы мекемесіндегі жүк тасымалы бөлімшесімен күнделікті байланыс орнатып отырмыз. Осы айға жоспарланған көмірдің тез жеткізілуін қадағалаудамыз. Әзірге көмір тапшылығы немесе тұрғындар тарапынан кезекке талас мәселесі жоқ. Барлық жағдайды жауапты салалармен бірге қадағалап отырмыз. Жалпы жеткізілген қатты отынның басым бөлігі «Шұбаркөл» маркасының көмірі», - деді басқарма басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов.
kyzylorda-news.kz