Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркиядағы зілзала кезінде бір қазақстандық жоғалып кетті

Түркиядағы зілзала кезінде бір қазақстандық жоғалып кетті

Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус Құрмашев Хатай қаласында жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады.

Жер сілкінісінен кейін Мираспен байланыс үзілген. Қазір оны іздеу жұмыстары жүргізілуде.

«Достар, біздің досымыз, Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус Құрмашев Түркиядағы зілзала кезінде жоғалып кетті. Ағасы Алмат Құрмашевтың айтуынша, жер сілкінісі кезінде ол Түркияның Хатай қаласында болған. Содан бері онымен байланыс үзілді. Отбасы мен достары алаңдап, жан-жақты іздестіруде, бірақ әлі де ешқандай хабар-ошар жоқ. Мирустың бауыры мен достары, қазақстандық еріктілер бүгін түнде іздестіру жұмыстарын күшейту үшін Түркияға ұшады», – деп жазылған әлеуметтік желіде.

syrboyi.kz

08 ақпан 2023 ж. 245 0