Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2023» чемпионатының іріктеу кезеңі өтті

«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2023» чемпионатының іріктеу кезеңі өтті

Арал индустриалды-техникалық колледжінде «WorldSkills Kazakhstan – 2023» чемпионатының облыстық байқауға іріктеу кезеңі басталды.
«WorldSkills» - «Әлемдік бағыт» деген мағынаны білдіретін әлемнің 80 мемлекетіне таралған Халықаралық қозғалыс. Еліміз бұл қозғалысқа 2014 жылдан бастап енген.
Байқаудың ашылуында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Кете-Төлеби Досымжанұлы аталған жарыстың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыруға және шеберлік дағдыларын дамытуға арналған кәсіби шеберлік конкурсында білім алушылар «Ұсталық жұмысы», «СББ станоктарындағы токарлық жұмыстар», «Сән технологиясы», «Дәнекерлеу технологиясы» құзіреттіліктері бойынша сайысқа түсті.
Ұлттық байқаудың республикалық кезеңіне сапалы маман дайындау мақсатында өткізілген жарыс қорытындысымен «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша Байзақова Райхан, «Дәнекерлеу технологиясы» бойынша Еділбаев Алмат, «СББ станоктардағы токарлық жұмыстар» бойынша Мырзағұлов Шерхан, «Ұсталық жұмыс» бойынша Төлегенов Бексұлтан I орынды жеңіп алып, облыстық кезеңге жолдама алды.

"Толқын" ақпарат
16 ақпан 2023 ж. 584 0