Жас маман жобасының берері мол

Республикалық конкурс негізінде Арал индустриалды-техникалық колледжі іріктеуден өтіп, қазіргі таңда жоба аясында колледжде «Пісіру ісі (түрлері бойынша)» және «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандықтары жұмысын бастап кетті. Бұл колледж студенттеріне кәсіби біліктілігі мен дағдылары сапалы дайындалған, озық технологияның құлағында ойнайтын маман иесі болуға үлкен мүмкіндік. Жаңа технологиялардың арқасында колледж студенттері жаңа мүмкіндіктерге ие болып, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, халықаралық «WorldSkills» байқауында үздіктер қатарынан көрінеді деген сенімдеміз.
Жадыра Тлеумбетова
Арал индустриалды-техникалық колледжі