Бүгінгі ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, елдің басым бөлігі Каспий теңізі аудандарындағы белсенді циклонның ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашын күтіледі.
Солтүстікте, шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте, республиканың оңтүстік-шығысында күндіз қатты жаңбыр жауады. Тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Синоптиктер атап өткендей, ел бойынша жел соғады, республиканың солтүстік жартысында, шығысында, орталығында боран күтіледі. Елдің оңтүстігінде найзағай ойнайды. Бірқатар өңірде тұман мен көктайғақ болады деп болжанып отыр.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде түнде қалың қар жауады, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде, түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Алматы облысының таулы аудандарында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында, Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, Абай облысының орталығында, түнде Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, шығысында, Түркістан облысының тау асуларында 30 м/с қатты жел күтіледі.