Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 13 наурызға арналған ауа райы болжамы

13 наурызға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» синоптиктері 13 наурызға арналға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстанның басым бөлігі антициклон сілемінің ықпалында болады, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, республиканың шығысы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы арқылы атмосфералық фронтальды бөлімдер өтеді, одан жаңбыр мен қар түрінде жауын – шашын күтіледі, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, көктайғақ, елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі.

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
13 наурыз 2023 ж. 210 0