Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал өнімдері көрмеге қойылып, көпшілікке ұсынылды

Арал өнімдері көрмеге қойылып, көпшілікке ұсынылды

Шымкент қаласындағы «Көрме» көрме орталығында 2023 жылдың 20-21 наурызында Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен республикалық тауар өндірушілерінің көрме-жәрмеңкесі өткізілді.
Көрмеде химиялық, машина жасау, тамақ, жеңіл, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс материалдары мен агро-өнеркәсіп кешенінің 100-ден астам кәсіпорны өз өнімдерін ұсынды.
Олардың арасында Арал ауданы тарапынан «Аралтұз» АҚ-ның тұз өнімдері, «Aral Quartz» ЖШС-нің кварц құмы шикізаты, жеке кәсіпкер «Нысанбаев Жансеріктің» шыны талшықты пластик қайық өнімдерін және жеке кәсіпкер «Жолмахан Жұрсұлудың» шұбат өнімдері бар.
Көрменің басты мақсаты – отандық тауар өндірушілердің жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнімдерімен кеңінен танысу, жаңа серіктестер іздеу және өзара тиімді келісімдер жасасу. Көрме отандық өндірушілерді насихаттауға бағытталған және кәсіпорындарды дамытуға, жаңа технологияларды енгізуге және импортты алмастыратын өнімдердің ассортиментін арттыруға ынталандыру болып табылады.
Іскерлік байланыстарды орнату үшін әлеуетті тұтынушылар шақырылды: мердігер компаниялар және әртүрлі саладағы жобалық ұйымдар, қонақ үй және мейрамхана бизнесінің өкілдері, сауда және дистрибьюторлық компаниялар және жергілікті атқарушы органдар.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
22 наурыз 2023 ж. 369 0