ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТКІЗІЛДІ

Көрме барысында жас кәсіпкерлер кондитерлік, балық және пластик өнімдері мен полиграфиялық, жиһаз жасау, тігіншілік қызметтері бойынша жасалған бұйымдарын халық назарына шығарып, кеңінен насихаттауға мүмкіндік алды.
Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мұрындық болуымен өткізілген дәстүрлі шараға аудандағы 13 кәсіпкер қатысты. Жас кәсіпкерлер жәрмеңкесінде бірқатар кәсіп иелері белсенділігі үшін Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының және аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
