Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді

Бүгін З.Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен алимент қарызын өтемеген борышкерлер мен пробация қызметінің есебіндегі азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкеде «Арал құрылысы» ЖШС, «Аралтұз» АҚ, «Арал СДО» ЖШС, «Қамқортұтыну» ЖШС, «Болашақ» оқу орталығынан және жеке кәсіпкерлер мен Ақтөбе қаласынан бос жұмыс орындары ұсынылды. Ұсынылған бос жұмыс орындарының орташа жалақы мөлшері 70-80 мың теңге көлемінде болды.

Өткізілген жәрмеңке нәтижесінде аудандық жұмыспен қамту орталығынан 2 азаматқа «Арал құрылысы» ЖШС-не, 2 азаматқа «Арал СДО» ЖШС-не 1 азаматқа қоғамдық жұмысқа орналасуға жолдама берілді.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.


28 ақпан 2020 ж. 663 0