Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 19 шілдеге арналған ауа райы болжамы

19 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 19 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты елдің көп бөлігінде күн райы құбылмалы болады: жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.

Республиканың шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл, түнде және таңертең Солтүстік-батыста тұман болады деп күтілуде.

Күндіз Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында, Жетісу облысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Абай облысында 35-42°с қатты ыстық сақталады.

Түркістан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Оңтүстік, Шығыс Ақмола облыстарының, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстікте, орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, Қызылорда облысының шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
19 шілде 2023 ж. 234 0