Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн қатты ыстық болады
Синоптиктер 18 шілдедегі ауа райына болжам жасады, деп хабарлады turkystan.kz.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында қатты жаңбыр болады, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.
Тек республиканың шығысында күн райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді, түнде еліміздің солтүстігінде шаңды дауыл, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Күндіз Ақмола, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Түркістан, Қарағанды, Жамбыл облыстарында, Ұлытау, Абай Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 35-41°с қатты ыстық сақталады, Алматы облысының орталығында, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында өте қатты ыстық (42°С) күтіледі.
Түркістан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында, Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.