Талапкер таңдауы қандай?

Талапкерлер арасында сұранысқа ие бағыттар қатарында «Педагогикалық ғылымдар» (22 мың), «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» (16 мың) және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (11 мың) болып отыр. Ал білім беру бағдарламаларының тобында ең көп өтініш «Ақпараттық технологиялар» – 9 мың.
Сонымен қатар «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» мамандығын таңдағандар да аз емес. Бұл санатта 5 мың өтініш бар. Үшінші орында «Медицина», оны 4 мың талапкер таңдаған.
Жалпы грант конкурсына өтініш қабылдаудың соңғы күні – бүгін, яғни 20 шілде. Құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асады. Бұл ретте ЖОО-да виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейді. Құжаттарды кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы тапсыруға болады.
syrboyi.kz
Фото: almaty.tv