Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» Грант конкурсына бір күнде 15 мыңға тарта талапкер құжат тапсырды

Грант конкурсына бір күнде 15 мыңға тарта талапкер құжат тапсырды

Бүгін еліміз бойынша білім беру гранттары тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау кампаниясы басталды, ол 20 шілдеге дейін жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі таңда 15 мыңға жуық талапкер грант конкурсына қатысуға ниет білдіріп, өтініш жіберді.

Ең көп өтініш «Педагогикалық ғылымдар» және «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» бағыттарына берілген.

Әр салаға 3 мың өтініштен келген.

Естеріңізге сала кетсек, биыл құжат қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе ЖОО-лардың қабылдау комиссиясы арқылы офлайн форматта жүзеге асады.

Сондай-ақ, ЖОО-да виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейтін болады.

Құжаттарды кез келген ЖОО (орналасқан жері бойынша) арқылы тапсыруға болады.

Дегенмен бүгін кейбір азаматтар еGov порталы арқылы қызмет алу барысында ҰБДҚ ақпараттық жүйесіндегі ақауларға байланысты техникалық мәселеге тап болған.

Қазіргі таңда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ҚР Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен ҰБДҚ ақпараттық жүйесіндегі ақауларды жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Атап өтсек, отандық жоо-ларға оқуға түсу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын; 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом), сондай-ақ, жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынады.

syrboyi.kz
---
14 шілде 2023 ж. 138 0