Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Суға шомылу кезінде сақтық шараларын сақтау өте маңызды

Суға шомылу кезінде сақтық шараларын сақтау өте маңызды

Аптап ыстық орнап және суға шомылу маусымы басталып, суға, бассейн болсын, ұсақ су айдындар немесе ірі өзендер болсын, демалушылардың ағымы ұлғаяды. Ал мұнымен бірге, суға шомылу орындарында жазатайым оқиғалардың пайда болу қауіп-қатері де өседі.
Суға шомылу маусымында қауіптілік деңгейі жоғары болып отыр. Және ең алдымен, қауіп-қатер тобына балалар кіреді.
Жаз – бұл бейғам демалыс, бала қуанышы мен ұзақ күткен суға шомылу маусымының уақыты. Барлығымыз ыстық күнді өзен жағалауында өткізгенді ұнатамыз. Алайда, өз қауіпсіздігіңді, өз балаларыңның қауіпсіздігін ұмытпағаныңыз жөн. Судағы тәртіп қағидаларын сақтау адамдар үшін өте маңызды.
Суда уақытыңды өткізе отырып, өзіңді қалай қауіпсіздендіруге болады?
Суға бату жағдайларын алдын алудың 6 негізгі қағидасы:
1. Су айдындардан алыс жерлерде мектепке дейінгі жастағы балалар үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету.
2. Суға баратын мүмкіндіктің алдын алатын қоршаулар орнату.
3. Мектеп жасындағы балаларды (6 жастан үлкен) суда жүзу және судағы қауіпсіз тәртіп машықтарына үйрету.
4. Су тасқындарымен және басқа да қауіптермен байланысты қауіп-қатерлерді басқару.
5. Суға бату әлеуетті куәгерлерін қауіпсіз құтқару мен жансақтау машықтарына үйрету.
6. Қайықтарды, кемелер мен паромдарды қауіпсіз пайдалану қағидаларын сақтау.
Қатаң тыйым салынады:
Тыйым салынған орындарға шомылуға; суда балаларды қараусыз қалдыруға; қоршау белгілерінен асуға; көпірлерден, дамбалардан, қайықтардан суға секіруге және сүңгуге; таныс емес орындарда шомылуға.
Егер сіз қайықта болсаңыз:
Ең алдымен қараусыз және техникалық ақауы бар қайықты пайдаланбаңыз.
Құтқару және су төгетін құралдарынсыз сондай-ақ, дауылды күндері қайықпен жүзуге шықпаңыз; қайыққа техникалық құжатында көрсетілген лимиттен артық жолаушылар мен жұкартуға болмайды.
Мас күйде қайықпен жүзбеңіз. Қайықтың бүйірінде немесе тұмсығында отырмаңыз. Жүзіп бара жатып бір қайықтан екіншісіне ауысып отырмаңыз. Қараңғы түскенде қайықпен жүзбеңіз
14 жасқа толмаған балаларды өздігінен қайықпен жүзуіне рұқсат етпеңіз.
Суға түсуге болмайды, егер:
-Қатты шаршасаңыз; басыңыздан күн өтсе; аш болсаңыз; шөлдесеңіз; аурудан жаңа айыққан болсаңыз.
Суға түскен кезде сақтық шараларын ұмытпаңыздар! Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!

Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, балаларды суға түсу кезеніңде балаларды қатаң бақылаңыздар, оларды үлкендердің бақылаунсыз қалдырмаңыздар. Балаларға тек арнайы жабдықталған орындар мен жерлерде үлкендердің қадағалауымен ғана шомылуға рұқсат етіңіздер.

А. БАЛШАМБАЕВА,
Арал аудандық Сэбб басшысының м.а 
28 шілде 2023 ж. 322 0