Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 11 тамызға арналған ауа райы болжамы

11 тамызға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» синоптиктері 11 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялап, бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, 11 тамызда Түркістан облысының тауларында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Астана қаласында Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-18 м/с болады. Жоғары өрт қаупі бар.

Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады. Облыстың орталығында күші 15-20 м/с болуы мүмкін. 11-13 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 11-13 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

11 тамызда түнде Абай облысының солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Семей қаласында найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-18 м/с болады. Семей қаласында 11 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Өскемен қаласында найзағай жарқылдайды. Жел оңтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-18 м/с болады. Өскемен қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде 38-39 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қаупі бар. Ақтау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Орал қаласында күндіз жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл тұрады. Қарағанды қаласында найзағай жарқылдайды.

Атырау облысының оңтүстік-батысында 40-42 градус өте қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысында желдің бағыты солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. 11 тамызда облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіңі 15-20, кей уақытта 25 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында күндіз найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақытта екпіні 23-28 м/с болады. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавл қаласында күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Костанай облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай, облыстың батысында тұман түседі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. 11 тамызда облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай қаласында солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с болады. 11 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. 11 тамызда облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында түнде және таңертең найзағай жарқылдайды. Солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.

Алматы облысының тау етегіндегі және таулы аудандарда кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-шығысқа ауысады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарда 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с болады. 11 тамызда Алматы облысының солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ жауады, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.
11 тамыз 2023 ж. 205 0