Кенеттен жұмыстан шығып қалсаңыз...

Заңгердің айтуынша, жұмыссыз қалған кезде мемлекеттен әлеуметтік көмек алуға болады.
"Кенеттен жұмыстан шығып қалсаңыз, басқа жұмысқа орналасқанға дейін мемлекеттен әлеуметтік көмек алуға мүмкіндік бар. Қазіргі заңға сәйкес сіздің әлеуметтік төлеміңіз сіздің өтіліміңізге байланысты, яғни соңғы 24 айдың төлемдерін есептеу арқылы сізге 3 айдан 6 айға дейін әлеуметтік көмек қарастырылған", - деді Мұхамедияр Нұрғалиұлы.
Заңгер әлеуметтік көмекті алу үшін не істеу керегін де айтты.
"Біріншіден, жұмыспен қамту орталығына тіркелу керексіз. Екінші мәселесі, онлайн түрінде еңбек биржасына тіркелу керексіз. Міндетті түрде жұмыспен қамту орталығында сіз жұмыссыз есебінде тіркелу қажетсіз. Яғни бұл жерде төленетін әлеуметтік көмек сіздің айлығыңыздың 24 айлықтың орташа есеппен есептелінгенде 45%-ын құрайды", - деп түсіндірді ол.