Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал тұзы неге «Славяночка» деп аталады?

Арал тұзы неге «Славяночка» деп аталады?

Арал дегенде бәріміздің көз алдымызға теңіздің балығы мен тұзы келеді. Келмеске кеткен кеңес заманында Арал тұзын одақтас 15 республиканың барлығы тұтынантын еді.
Тәуелсіз елміз деп мақтанғанда алдымызға жан салмаймыз. Тәуелсіздігіміздің басты нышаны, ол – қазақ тілі. Авар ақыны Расул Гамзатовтың: «Менің ана тілім ертең өлетін болса, мен бүгін өлуге бармын» деген сөзінің өзі неге тұрады?
Аралдың тұзы «Славяночка» деп неге шығады деген сауалға кім жауап береді? Арал тұзының бетінде «Славяночка пищевая соль йодированная» -деп барлығы орыс тілінде жазылған, бір сөз қазақ тілінде жазылмаған. Екінші бетінде: Иодталған өзі түзілетін тағамдық ас тұзы. Өндіруші «Аралтұз» АҚ 120108 Қазақстан Республикасы. Қызылорда облысы. Арал ауданы. Жақсықылыш кенті, сосын Құрамы, Таза салмағы, Сақталу мерзімі деп жазылғанмен, орыс тіліндегі осы мәтін жоғары тұр. Бұл Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заң талабына қайшы келеді, онда мемлекеттік тіл бірінші жазылуы керек деп жазылған.
Арал тұзы 1913 жылдан бері өндіріліп келеді, 1925 жылы «Соль-артель» болып құрылды, кейін көлемі ұлғайып «Арал сульфат» комбинаты болды. 1994 жылы жекешеленіп «Арал тұз» АҚ болды.
Бұл жерде тұз атауы неге орыс тілінде «Славяночка» деп аталуы түсініксіз болып тұр. Арал теңізі Тұран ойпатында орналасқандықтан, орысшамыз тасып бара жатса, онда «принцесса Турандот» (Тұран ханшайымы) деп атайық.
Себебі: орыстарға «Тұран ханшайым» жақсы таныс. 1922 жылдан бастап Е.Вахтангов атындағы Мемлекеттік академиялық театрында Карл Гоццидің «Тұран ханшайым» ертегісі осы күнге дейін сахнадан түспей қойылып келе жатыр.
Бақытжан Абдул-Түменбев,
тарихшы, журналист-дайджест
22 тамыз 2023 ж. 429 0