Топ-баннер
Топ-баннер2
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанды

Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанды

Бұл нәтиже АҚШ-та өтіп жатқан Indian Wells Masters турнирінің жартылай финалына шыққаннан кейін тіркелді.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA live-рейтингінде екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл нәтиже АҚШ-та өтіп жатқан Indian Wells Masters турнирінің жартылай финалына шыққаннан кейін тіркелді. Ширек финалда Рыбакина америкалық теннисші Джессика Пегуланы 6:1, 7:6 есебімен жеңді.

Ал рейтингте екінші орында тұрған польшалық Ига Швёнтек украиналық Элина Свитолинаға есе жіберді. Осы нәтижеден кейін Рыбакина мен Швёнтек дүйсенбі күні жаңартылатын WTA рейтингінде ресми түрде орын алмастырады.

Жартылай финалда Рыбакина Свитолинамен кездеседі.

Қазіргі live-рейтинг бойынша Рыбакинаның еншісінде 7523 ұпай бар және ол екінші орында тұр. Ал рейтинг көшін 10415 ұпай жинаған беларусьтік теннисші Арина Соболенко бастап келеді.

Айта кетейік, Рыбакина екі мәрте Үлкен дулыға турнирінің жеңімпазы. Ол Wimbledon Championships 2022 жылғы жарыста және Australian Open 2026 жылғы турнирде чемпион атанған.

Фото:Ұлттық Олимпиада комитеті 

13 наурыз 2026 ж. 60 0