Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Сайлау күні «Red Bus» туристік автобустарда экскурсия тегін өтеді

Сайлау күні «Red Bus» туристік автобустарда экскурсия тегін өтеді

 Жазғы маусымның ашылуына және Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының өткізілуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары 9 маусым күні «Red Bus» экскурсиялық автобустарында сол жағалау бойынша тегін экскурсияға қатыса алады. 

Экскурсия «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және «Астана-Бәйтерек» монументінен басталады.
Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады. Бір рейс – қазақ тілінде, екінші рейс – орыс тілінде, ауысу арқылы.
Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді.
Барлық сұрақтар бойынша call-орталыққа хабарласуға болады: +7 777 555 75 75, 77-90-99, Instagram: @redbus.kz.
«AiLand» аялдамасынан қозғалу уақыты:
- сағ. 10.00 (орыс тілінде);
- сағ. 12.30 (қазақ тілінде);
- сағ. 14.45 (орыс тілінде);
- сағ. 17.15 (қазақ тілінде);
- сағ. 19.30 (орыс тілінде).
Ары қарай келесі аялдамалар болады: «Хан Шатыр» СОО, «Мәңгілік Ел» триумфалды қақпасы, «Нұр-Әлем» сферасы, Ұлттық Музей, «Астана Бәйтерек» монументі және«AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығы. «Астана Бәйтерек» монументі аялдамасынан қозғалу уақыты:
- сағ. 10.30 (қазақ тілінде);
- сағ. 13.00 (орыс тілінде);
- сағ. 15.15 (қазақ тілінде);
- сағ. 17.45 (орыс тілінде);
- сағ. 20.00 (қазақ тілінде).
https://baq.kz
07 маусым 2019 ж. 988 0