Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді теңгеге тек қазақ тілінде мәтін жазылады

Енді теңгеге тек қазақ тілінде мәтін жазылады

Банкноталар мен монеталарда мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жазулар пайдаланылады.ERNUR.KZ. Бұдан былай банкноталар мен монеталарда мәтіндер тек мемлекеттік тілде жазылады. Бұл туралы Қазақстан Президентінің Жарлығында айтылды, - деп жазады Tengrinews.kz. Өзгеріс 2018 жылдың 12 желтоқсанында енгізілген.
"Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноталары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы" № 804 Жарлыққа сай банкнота мен монеталарда қолданылатын жазбаның мәтіні енді мемлекеттік тілде ғана жазылады. Ал инвестициялық және коллекциялық монеталарда шет тілдердің жазбаларын қолдануға болады.
Құжаттың алдыңғы нұсқасында былай жазылған еді: "Банкноталар мен монеталарда мемлекеттік және орыс тілдеріндегі жазулар пайдаланылады. Шет тілінде рәсімделетін басқа елдердің тапсырыстары бойынша дайындалатын коллекциялық монеталарды қоспағанда, коллекциялық және инвестициялық монеталарда жазулардың мәтіні мемлекеттік, сондай-ақ орыс немесе шет тілдерінде ресімделеді".
ernur.kz
23 ақпан 2019 ж. 1 000 0