Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елордада сайлау күні туристік автобустар тегін жүреді

Елордада сайлау күні туристік автобустар тегін жүреді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада сайлау күні туристік автобустарда экскурсия тегін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.Жазғы маусымның ашылуына байланысты және 9 маусымда сайлау күніне орай «Red Bus» экскурсиялық автобустарында сол жағалау бойынша тегін экскурсия жүргізіледі. Экскурсия «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және «Бәйтерек» монументінен басталады. Экскурсия автобус ішіндегі аудиогид көмегімен қазақша және орысша жүргізіледі. Бір рейс - қазақша өткізілсе келесісі орыс тіліне ауысып отырады. Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді. «AiLand» аялдамасынан қозғалу уақыты: - сағ. 10.00 (орыс тілінде); - сағ. 12.30 (қазақ тілінде); - сағ. 14.45 (орыс тілінде); - сағ. 17.15 (қазақ тілінде); - сағ. 19.30 (орыс тілінде). Экскурсия «Хан Шатыр» СОО, «Мәңгілік Ел» триумфалды қақпасы, «Нұр-Әлем» сферасы, Ұлттық музей, «Бәйтерек» монументі және«AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығы аялдамасы арқылы жүріп өтеді. «Астана Бәйтерек» монументі аялдамасынан автобус таңертеңнен бастап жүреді. Сағат 10.30 (қазақ тілінде); - сағ. 13.00 (орыс тілінде); - сағ. 15.15 (қазақ тілінде); - сағ. 17.45 (орыс тілінде); - сағ. 20.00 (қазақ тілінде).
https://www.inform.kz/
06 маусым 2019 ж. 883 0