Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында 70-тен астам отбасы баспаналы болды

Қызылорда облысында 70-тен астам отбасы баспаналы болды

Қызылорда облысы, Шиелі ауданында 18 пәтерлік 4 тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғынүйлер «AMANAT» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасы аясында салынды.

Пәтер кілтін салтанатты тапсыру рәсімінеаймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев және облыстықпартия филиалының төрағасы НаурызбайБайқадамов қатысты.

Қызылорда облысында 70-тен астам отбасы баспаналы болды

72 пәтерді құрайтын тұрғын үйлер Шиелікентінің «Көкшоқы» шағын ауданында салынды. Пәтерлер комиссия шешімімен заң аясында барлықсанатқа бөлінді.

Шара барысында аймақ басшысы қоныс той иелерін құттықтап, халықты баспанамен қамтумемлекеттің басым бағытының бірі болып қалаберетінін жеткізді.

Қызылорда облысында 70-тен астам отбасы баспаналы болды.

«Бүгін Конституция күні қарсаңында ауданорталығынан жаңа тұрғын үйді пайдалануғаберіп, 70-тен аса отбасының қуанышынеселемекпіз. Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартКемелұлы: «Аса маңызды мәселелердің бірі – ауылды кешенді түрде дамыту. Ауылдарға нақтықолдау көрсетіп, заманауи инфрақұрылымдыдамытуымыз керек», – деген болатын. Тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруғабағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады», – деді Нұрлыбек Мәшбекұлы.

Айта кетейік, партияның облыстық сайлауалдыбағдарламасына сәйкес 2023 жылдың соңына дейін қаржыландырудың барлық көздері есебінен 692,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланған. Жыл соңына дейін Байқоңырқаласында – 250 пәтерлі 5 үй пайдалануға берілмек. Мұнан бөлек арнайы қабылданған «Сыр жастары» бағдарламасы аясында алғаш рет 100-ден астам жасотбасыға тұрғын үй беріледі. Бұл мақсатқажергілікті бюджет пен «Отбасы» банкі арқылытиісті қаражат бөлінген.

turkystan.kz

01 қыркүйек 2023 ж. 253 0