Сарбаздардың несиесі кешірілмейді, шегеріледі

2022-2023 жылдары жүргізілген зерттеу бойынша 20 300 сарбаз несие төлеуге міндетті екені анықталған. Олардың банк алдындағы берешегі - 3,2 миллиард теңге. Бүгінгі күнде 5 мыңнан астам әскери қызметшінің 1,4 миллиард теңге көлеміндегі несие қарызын өтеу мерзімі кейінге шегеріліпті.
Айта кетсек, елімізде әскерге шақырудың күзгі науқаны басталды. Жыл соңына дейін 19 мыңнан астам азамат әскерге шақырылады.