Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Келесі жылдан бастап электр энергиясының тарифі өседі

Келесі жылдан бастап электр энергиясының тарифі өседі

Станцияларды күрделі жөндеуден өткізу үшін келесі жылдан бастап жарықтың тарифтері көтерілуі мүмкін. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Энергетика министрінің бұйрығында жазылған, деп хабарлады turkystan.kz.

«2016 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңдегі инфляция коэффициентін ескере отырып, 2024 жылы қуаттылықтың шекті тарифінің деңгейі айына 1065 мың теңге (қазір 590 мың теңге), 2025 жылы 1215 мың теңге/МВт болуы тиіс. Бұл саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етуге және авариялық жөндеудің жиілеп кеткен жағдайларын ескере отырып, Қазақстанның электр станцияларын күрделі жөндеуге қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді», – делінген Энергетика министрінің бұйрық-жобасында.

Бұйрық 22 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.

syrboyi.kz
11 қыркүйек 2023 ж. 348 0