Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігер бауырды қалыпқа келтіретін 2 өнімді атады

Дәрігер бауырды қалыпқа келтіретін 2 өнімді атады

Бауыр – біздің ағзамыздағы көп қиналатын органның бірі. Ол заманауи адамның өмір салтының барлық салдарымен күресуге мәжбүр. Бауыр саулығын қалпына келтіруге көмектесетін бірнеше өнім бар. Диетолог Марият Мухина өз мәзіріңізге сарымсақ пен бөрікгүлді (артишок) қосуға кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Москва 24"-ке сілтеме жасап.

Бөрікгүл бауырды қалпына келтіреді. Себебі ол өт айдайтын қасиетке ие. Сондай-ақ ол жаман холестерин деңгейін азайтады және табиғи уытсыздандыру жүйесін ретке келтіреді. Бөрікгүлді холецистит, созылмалы гепатит, бауыр жеткіліксіздігі, атеросклероз және семіздік кезінде рационға қосу керек.
Бауырға бізге үйреншікті сарымсақ та пайдалы. Ол құрамындағы аминқышқылдардың арқасында зақымдалған жасушаларды қалпына келтіре алады. Оған қоса, сарымсақ қанды сұйылтады және органның қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады.

Ал біздің бауырымызды не бұзады?

1. Үнемі көңілсіз жүру, ызаға булығу

Қамығу мен мазасыздану адамды науқасқа оңай шалдықтырады, адам өмірінде торығу, наразы болу және реніштер, теңсіздік сияқты жағдайлардан сақтануға болмайды, алайда торыққан сәттерде мұндай көңіл күйден арылып, табиғатқа немесе адам жоқ орталарға барып, іш-құсталығын шығарып айғайлау, жеңіл музыкаларды тыңдап, көңіл күйін реттеу қажет.

2. Беталды дәрі ішу

Беталды дәрі ішу бүйрек пен бауырды зақымдайды, ешкім де өмір бойы дәрі ішпеймін деп айта алмайды. Десе де, дәріні тек дәрігер кеңесімен ғана ішкен дұрыс. Сондай-ақ түрлі БАД-тар да бауырға зақым келтіруі мүмкін. Оларды да қажет анализдер тапсырып, ағзаға қандай да бір минерал жетіспегенде ғана ішу керек.

3. Арақты көп ішу

Бұл нашар әдет бауырды зақымдап, денсаулығыңыздың ақаусыздығына ауыр дәрежеде ықпал жасайды.

4. Ұйқының жеткіліксіз болуы

Ұйқының жеткіліксіз болуы денені қалжыратумен бірге, денсаулықа да кері әсерін жасайды. 

5. Майлы тағамдарды көп жеу

Лайықты мөлшерде майлы тағамдарды тұтынғанда ол адам денесін энергиямен қамдап, дененің физиологиялық қызметін сақтайды. Алайда май құрамы жоғары тағамдарды артық мөлшерде тұтыну тән саулығыңызға өз зиянын тигізуі мүмкін. Сондықтан майлы тағамдарды аз тұтынып, отбасында көкөністері мол тағамдарды жасап, бауыр мен асқазанды күтімдеген жөн.

6. Түнде тамақтану

Түнгі қонағасыларының, той-томалақтың, туған күн кештерінің көбеюіне байланысты, түнде тоя тамақтану сынды нашар тұрмыс әдеті қалыптаса бастады. Осындай нашар тұрмыс әдеттері мен түнде тамақтану бауырды зақымдайды.

7. Темекі тарту

Әрбір қорап темекіде "шылым шегу денсаулыққа зиян" деген ескерту жазылған. Темекінің зияны, ең әуелі, темекі тартудан қалыптасқан түтіндегі мыңнан артық зиянды заттарды адам денесі сіміргеннен кейін, ішкі дене мүшелері мен бауырды әртүрлі деңгейде зақымдайды әрі түрлі ауруларға душар етіп, қатерлі ісік ауруына шалдықтыратын басты себептердің біріне айналады. Сондықтан бауырды қорғау үшін темекі тартудан тыйылған жөн.

16 қазан 2023 ж. 303 0