Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыз жорамал: қараша айында кімдер қаржылық проблемалардан құтылады?

Жұлдыз жорамал: қараша айында кімдер қаржылық проблемалардан құтылады?

Қараша айына арналған жұлдызнама бойынша, бірнеше жұлдыз белгісі өкілдері қаржылық проблемалардан арылады. Біреулер сыйлықақы алса, тағы біреулерге ескі қарыздарын қайтарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Styler-ге сілтеме жасап.

Тоқты


Қарашада Тоқтыларда қаржылық істерде сенімділік пайда болады. Кірістің аздап көтерілуі күтіледі: сыйлықақы алуыңыз немесе қосымша кіріс көзін табуыңыз мүмкін. Инвестициялау бойынша ұсыныс алсаңыз, абай болыңыз. Айдың ортасында қарыз алудан немесе қомақты нәрсе сатып алудан аулақ болыңыз.

Шаян

Күздің соңында қаржылық салада тұрақтылық күтіңіз. Қараша айы бұл жұлдыз белгісі өкілдері үшін қомақты нәрсе сатып алуды немесе инвестицияға ақша салуды жоспарлауға жақсы уақыт. Алайда аса қажет болмаса, несие алмауға тырысыңыз.

Арыстан

Қарашада Арыстандарды қызықты қаржылық мүмкіндіктер күтіп тұр: жаңа кіріс көздері немесе жалақысы жоғары жаңа жұмыс. Детальдарға мән беріңіз, әсіресе, келісімшартқа қол қоятын кезде мұқият оқыңыз. Мұқият анализ жасамай, ақшаңызбен тәуекел етпеңіз.

Сарышаян

Күздің соңғы айы күтпеген қаржылық ұсыныстар әкеледі. Капиталыңызды арттыруға мүмкіндік туады. Бірақ ұсыныстарды қабылдамас бұрын оны жақсылап тексеріңіз.

Балықтар

Қараша айы сізге қаржылық салада жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл жаңа жұмыс, жоба немесе басқа кіріс көзімен байланысты болуы мүмкін. Қаржылық қауіпсіздікке ұмтылыңыз.
30 қазан 2023 ж. 427 0