Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Көктемгі көңіл күй". Жұлдыз жорамал

"Көктемгі көңіл күй". Жұлдыз жорамал

Жаңа апта қандай болады? Жұлдыздар Зодиак белгілеріне не дайындап қойды?

Тоқты
20 наурыз - 19 сәуір

Сырттан қолдау күтпеңіз, жұмыста нәтижеге өз күшіңізбен жетуге тырысыңыз. Бұл аптада жеке өмірде асығыс шешім қабылдаудан аулақ болыңыз.

Торпақ
20 сәуір - 20 мамыр

Аяқталмаған істерді шешу керек, бірақ жаңа жобалардан да бас тартудың қажеті жоқ. Уақытты дұрыс жоспарлау барлық шаруаға үлгеруге көмектеседі.

Егіздер
21 мамыр - 20 маусым

Егіздер өз өміріне өзгерістерді белсенді әрекет арқылы ғана енгізе алады. Жұлдыздар өзіңізге сенімді болуды ұсынады, сол кезде нәтиже ұзақ күттірмейді.

Шаян
21 маусым - 22 шілде

Әрекет етпестен бұрын жақсылап ойланыңыз, ұсақ-түйектерге мән беріңіз. Бұл аптада барынша сабырлы болуға тырысыңыз, асығыс шешім қабылдамау ұсынылады.

Арыстан
23 шілде - 22 тамыз

Бұл жұлдыз белгісі өкілдеріне эмоционалды тепе-теңдік сақтау ұсынылады. Барлық жоспарыңыз күтпеген жерден орындала бастайды.

Бикеш
23 тамыз - 22 қыркүйек

Негатив эмоцияларыңызды ұстауға тырысыңыз, әйтпесе, отбасыда жанжал туындауы мүмкін. Жұмыста қалаған нәтижеге жету үшін жылдам әрекет ету керек болады.

Таразы
23 қыркүйек - 22 қазан

Бұл аптада Таразыларға көбірек демалған пайдалы. Өмір ырғағын баяулатыңыз және жан-дүниеңіздің жағдайын теңдестіруге тырысыңыз.

Сарышаян
23 қазан - 21 қараша

Серігіңізге көңіл бөліңіз. Барлық ойыңызды оң бағытқа қоюға тырысыңыз. Негатив эмоциялармен күресуге спортпен айналысу көмектеседі.

Мерген
22 қараша - 21 желтоқсан

Жалқаулыққа бой бермей, өзіңізді қолға алыңыз. Бұл әрекетімен Мергендер сәтті мүмкіндіктен айырылып қалуы мүмкін.

Тауешкі
22 желтоқсан - 20 қаңтар

Барлық жағдай мен өзгерісті қабылдаңыз. Кейде жағдайды өзгертуге тырыспаған дұрыс.

Суқұйғыш
21 қаңтар - 18 ақпан

Суқұйғыштар бұл аптада жұмыстан босамайды. Қаржылық жағдайыңыз жақсы болады.

Балықтар
19 ақпан - 19 наурыз

Басшылық бастамаңызды қолдайды. Шығармашылыққа ерік беріңіз. Өз идеяларыңыз бен жетістіктеріңізді қорғауға арналған жақсы уақыт.

massaget.kz
Фото: ktk.kz
27 ақпан 2023 ж. 382 0