Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАЛҒАСУДА

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАЛҒАСУДА

Бүгін “AMANAT” партиясы филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері сайлауалды бағдарламада белгіленген Сапақ ауылдық округі Көктем елді-мекенінде салынып жатырған амбулаторияға партиялық бақылау жасады.

Амбулатория құрылысының жай-күйімен танысып, нысанының сапалы салынуын басты назарға алды.
Комиссия мүшелері құрылысты уақытылы тапсыруға ұсыныс білдірді.

Өз кезегінде бас мердігер «СК и Монтаж-Строй» ЖШС-і өкілдері құрылысты уақытылы аяқтауды жоспарлап отырғандығын жеткізді.
#AMANAT
15 қараша 2023 ж. 370 0