Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу

Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу

Дактилоскопия тіркеу бөлігіндегі заң нормалары 2024 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді. Осы заң мақсаты дактилоскопиялық және геномдық ақпарат негізінде адамның жеке басын растау мен сәйкестендірудің құқықтық негіздерін белгілеу болып табылады. Заңның өзектілігі ең алдымен, қауыпсіздік мәселелеріне негізделген.
«Саусақ іздері және геномдық тіркеу» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке басты куәландыратын құжаттарға (жеке куәлік, төлқұжат) құжаттандыру барысында азаматтарға міндетті саусақ ізін тіркеу енгізілді. Бұл жеке басты куәландыратын жаңа құжаттарды алу үшін ХҚКО-на барып жүгінген кезде орын алады. Құжаттандыру процесінен кейін әрі қарай саусақ ізі көшіру кезеңі қосылады. Осылайша сіз өз құжатыңызды бұдан әрі қорғай аласыз.
12 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға ерікті түрде, ал 16 жасқа толған азаматтарға міндетті түрде дактилоскопиялық тіркеуге жатады.
Қазақстан Республикасы азаматтарының міндетті түрде  дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартуы ҚР ӘҚБтК-нің 443-1 бабына сәйкес, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Гүлжанат Абдикерова,
Арал аудандық полиция бөлімі
Көші қон қызметі тобының
аға инспекторы, полиция майоры


19 қараша 2023 ж. 328 0