Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА!

ТҰРҒЫНДАР НАЗАРЫНА!

Армения Республикасынан әкелінген автокөліктерді тіркеу тәртібі бойыншаҮкімет келесі шешімдерді қабылдады:
• Бірінші – азаматтарымыздың осы жылдың 1 ақпанына дейін Армениядан әкелген автокөліктерін есепке қою.
• Екінші – тіркеуді осы жылдың 1 маусымынан 1 қыркүйегіне дейінгі кезеңде жүргізу.
• Үшінші – тіркеуге тек басқару органы сол жаққа орналасқан автокөліктер жатады.
• Төртінші – тіркеу үшін жасалатын төлемдер. Үкімет үш төлеммен шектелу туралы шешім қабылдады. Бірінші – тіркеу жинағы үшін 695 теңге, екінші – техникалық төл құжат (техпаспорт) бажы үшін – 3 473 теңге, үшінші – мемлекеттік нөмір бажы үшін – 7 778 теңге. Төлемдердің жалпы сомасы – 11 946 теңге.
Көлік құралдарын тіркеу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
• жеке басын куәландыратын құжат;
• Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 615 бабына сәйкес, мемлекеттік баждың есептік айлық көрсеткішінің 0,25% (11 946 теңге) мөлшеріндегі мемлекеттік тіркеу жинағы туралы құжат;
• Армения Республикасының уәкілетті органдарымен берілген көлік құралдарының КҚТК және МТНБ;
• мемлекеттік және орыс тілдерінен басқа тілде жазылған көлік құралдарын тіркеу үшін берілген құжат мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылады және міндетті түрде аударымның дұрыстығын растайтын нотариустың немесе осы іске құқылы басқа тұлғаның қолы болуы тиіс.
• ерекше белгілеріне «ТСРА» және «Басқа тұлғаға тіркеуге жатпайды» деген жазба енгізіледі.
• Қазақстан Республикасында берілген көлік құралдарының КҚТК және (немесе) МТНБ жоғалған жағдайда, жазбаша түрде жоғалу себебі көрсетіледі.
• МТНБ жоғалтқан кезде қайталама нұсқасы (дубликат) дайындау жолмен беріледі және Бірыңғай ақпараттық жүйесіне өзгерістер енгізілмейді. Қазақстан Республикасына 2020 жылдың 1 ақпанынан кейін әкелінген жоғарыда аталған көлік құралдары, сондай-ақ Армения Республикасының уәкілетті органдары берген тіркелген құжаттарында иесі ретінде көрсетілмеген тұлғаға тіркелмейді.
Арал ауданының Полиция бөлімі.
19 тамыз 2020 ж. 1 205 0