Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ АРМЕНИЯДАН ӘКЕЛГЕН КӨЛІКТЕРІН ЗАҢДАСТЫРДЫ

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ АРМЕНИЯДАН ӘКЕЛГЕН КӨЛІКТЕРІН ЗАҢДАСТЫРДЫ

Ауданымыздың 4 тұрғыны Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына қажетті құжаттарды ұсына отырып, мемлекеттік баж төлемдерін төлеу арқылы тіркеді.
Көлік иелеріне 11 946 теңгені құрайтын үш ғана төлем жасау керек. Бұл тіркеу жарнасы – 695 теңге, тіркеу куәлігі үшін төлем – 3 473 теңге, нөмір үшін төлем – 7 778 теңге.
Сонымен қатар, көлік иелеріне жеке басын куәландыратын құжат, 0,25 АЕК мөлшерінде мемлекеттік бажды және мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртектер, көлік құралы (КҚ) және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін (МТНБ) тіркеу туралы армян куәлігі, басқару құралын оңнан солға ауыстырылған жағдайда автомобильдің қауіпсіздік сертификаты (СБКТС) қажет.
Есепке алынған машиналарға сары түсті нөмірлер берілуде. Оң жақ рөлді көліктер тіркеуге жатпайды.
Аталған бағытта Арал ауданының Полиция бөлімінің, Әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері тұрғындарға кеңес беріп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
08 маусым 2020 ж. 614 0