Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елдің үш облысында жол жабық

Елдің үш облысында жол жабық

Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді
Үш облыста ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың бес учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Қазавтожол.
Ақмола облысында үш учаскеде жол жабылды:
"Астана-Петропавл" автожолында 18-234 км, Астана қ.- Щучинск қ. ("КАЖсервис" ЖШС қызмет көрсететін ақылы аумақ) – 216 км.
"Астана-Ерейментау-Шідерті" автожолында 16-200 км, Астана қ.- Павлодар облысының шекарасына дейін – 184 км.
"Екатеринбург - Алматы" автожолында 1292-1353 км, Жібек Жолы ақы алу пунктінен – Қарағанды облысының шекарасына дейін – 61 км.
Қарағанды облысында бір учаскеде:
"Екатеринбург - Алматы" автожолында 1353-1426 км, Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін – 73 км.
Павлодар облысында бір учаске:
"Астана-Ерейментау-Шідерті" автожолында 205-259 км, Ақмола облысының шекарасынан- Шідерті ауылына дейін – 54 км.
Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 621 бірлік техника жұмыс істеп жатыр


Сурет: ашық дереккөз 
28 желтоқсан 2023 ж. 267 0