Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңажылдық дастархан үстінде тым көп тамақ жеп қойсаңыз не істеу керек?

Жаңажылдық дастархан үстінде тым көп тамақ жеп қойсаңыз не істеу керек?

Бірнеше күнге созылған Жаңа жыл мерекесін тойлаудан кейін, таңертең оянғанда асқазаныңыздағы ауырлықты сезіндіңіз бе? Бұл сезімнен қалай құтылуға болады? Роспотребнадзор мамандары жаңажылдық дастархан үстінде тым көп тамақ жеп қойсаңыз не істеу керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.

Ең алдымен, тым көп тамақ ішкеннен кейін жеткілікті мөлшерде таза су ішуге тырысыңыз. Су ас қорытуға және ағзаға түскен жүктемені ішінара алып тастауға көмектеседі.


Ауырлық сезімінен құтылудың тағы бір жолы - қызу үшін аздап жаттығу жасау. Қарапайым жеңіл жаттығулар ыңғайсыздықты жоюға көмектеседі. Жаттығудан бөлек, сыртқа шығып таза ауада серуендеуге болады, мұның бәрі ас қорытуды тездетіп, тағамның сіңуін жақсартады.

Сонымен қатар, ораза ұстаған секілді күні бойы аш жүруіңізге болады. Бір күн бойы аш жүру асқазанға тамақ қорытудан үзіліс беріп, ағза дем алады.

Майлы және құрамында қант мөлшері жоғары тағамдардан бірнеше күнге бас тартуға тырысыңыз. Мерекелік дастарханнан кейін көкөніс, жеміс-жидек және ақуызға бай өнімдерді көбірек тұтыныңыз.

Кейбір адамдар мереке кезінде тым көп тамақтанғаны үшін өзін кінәләп жатады. Дегенмен, мереке - қуанып, ләззат алатын уақыт. Сондықтан, бірнеше күн шамадан тыс тамақтану дүрбелең салуға тұратын жағдай емес.

Ал жаңажылдық дастарханда жеген тамаңыздың бәрінен құтылу үшін өзіңізге аштық жариялап, жазалау дұрыс емес. Сондай-ақ, тамақтанғаннан кейін бірден жаттығу жасап, дәрі ішіп немесе жасанды жолмен құсу да қателік. Мұның бәрі ағзаға қосымша стресс түсіреді.

Фото: ашық дереккөз 



02 қаңтар 2024 ж. 270 0