Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаңтар айында ауа райы қандай болады?

Қаңтар айында ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының ұсынған болжамына сәйкес алдағы күндері облыста жауын-шашынды ауа райы сақталады. Толығырақ Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында аймақтағы филиалдың бөлім басшысы Айгерім Жөкелова хабарлады.
- Ауа температурасы түнде -3+2°С аяздан -10-15°С аязға, облыстың солтүстігінде -20°С аязға, күндіз +3+8°С, облыстың солтүстігінде 0 градустан 3-8, облыстың солтүстігінде 11°С аязға дейін төмендеуі күтіледі. Екінші онкүндіктің аяғында ауа температурасы аздап жоғарылайды. Үшінші онкүндігінде ауа температурасы ақырындап жоғарылайды деп болжанады. Жауын-шашынның айлық мөлшері мөлшер шамасында күтіледі. Бірінші онкүндіктің аяғында, екінші онкүндіктің басында және аяғында, үшінші окүндіктің басында жаңбыр, жылбысқы қар түседі деп болжануда. Сондай-ақ, көктайғақ болуы ықтимал, - Айгерім Болатбекқызы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметі
09 қаңтар 2024 ж. 233 0