Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 8 ақпанға арналған ауа райы болжамы

8 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 8 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Елімізде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі, оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жауын-шашын, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қалың қар жауады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстік-батыс пен солтүстікте бұрқасынмен бірге өте күшті жел күтіледі», деп хабарлады синоптиктер.

Сонымен қатар Қостанай облысының батысында, оңтүстікте, шығыста, Ақмола облысының батысында, солтүстікте, шығыста, Солтүстік Қазақстан облысында, батыста 30 м/с дейін жел күшейеді.

Фото: ашық дереккөз 
08 ақпан 2024 ж. 263 0