Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » TikTok-та отыру пайдалы әрі қауіпсіз бе?

TikTok-та отыру пайдалы әрі қауіпсіз бе?

Бүгінде TikTok 150 мемлекет, 1 млрд-тан астам адам қолданады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Осылай тез танымалдылыққа ие болған бағдарламаның пайдасы мен зияны қандай?

Пайдасы қандай?

Бүгінгі күні еңбектеген жастан еңкейген кәріге дейін ұялы телефон, ғаламтор, әлеуметтік желі, TikTok деген ұғымдармен етене таныс. Тіпті, бар саналы уақытты ғаламтордың ғаламаттарына телміру арқылы өткізіп жатырмыз десек те болады. Әлеуметтік желіде танысып, әлеуметтік желі арқылы таланттарымызды, дағдыларымызды шыңдап жатырмыз. Біз сөз етіп отырған TikTok желісі де солардың қатарында. Бүгінде оның қолданушылары оның пайдасының жоқ еместігін айтады.

Алдымен жаңа білім мен дағдыларды алуға болады. Сонымен қатар өзіңіз үшін әлем мен мәдениетті ашуға болады. Екіншіден мектеп пен университет пәндерін, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдарды оқуға арналған пайдалы ұсыныстарды қарастыра аласыз. Ағылшын және француз тілдерінен бастап әзербайжан тіліне дейін үйренуге көмек құралы бола алатынын айта кету керек. Сондай-ақ платформа арқылы сүйікті тағамдарды әзірлеуде түрлі рецепттерді қарап, мамандардың кеңесін тыңдай аламыз.

Қауіпсіздік мәселесі қалай шешілген?

Әрине, кез келген ата-ананы бірінші мазалайтын сұрақ осы. Бірақ пайдаланушылардың қауіпсіздігі мен қорғалуы TikTok-тың басты басымдығы болып табылады. Оған 13 жастан асқан жеткіншектер ғана тіркеле алады. Ал одан ерте жастағы пайдаланушыларды модерация қызметі анықтап, бұғаттайды. 2022 жылдың үшінші тоқсанында әлем бойынша мұндай 20 миллионға жуық аккаунт жойылған. Ал қандай да бір ереже бұзылса, қауымдастық бейнелерді жойып, парақшаларды бұғаттайды және ол ережелер үнемі жаңарып отырады.

Сондай-ақ желіде қорлайтын немесе қудалайтын мазмұнды жариялауға, жүктеп салуға, таратуға немесе басқа пайдаланушыларға беруге, жалаңаш денені, порнографияны немесе сексуалды сипаттағы видеоларды жариялауға, кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық мазмұндағы дүниені жариялауға, жүктеп салуға, трансляциялауға немесе басқа пайдаланушыларға беруге тыйым салынады. Бұл кез келген пайдаланушының ақпаратты дұрыс бағытта көріп, оны қабылдауына мүмкіндік береді деген сөз.

Егер оқырмандар осындай ақпараттарды көрсе, оған шағым түсіре алады.

Қалай бақылай аламыз?

Кәмелет жасына толмаған баланың әрбір іс-әрекетіне ата-ана жауапты екенін ұмытпаған абзал. Сол себепті қосымшадағы «Отбасы параметрі» деген жерден отбасылық парақшаларды біріктіріп, бала үшін жауапкершілікті өз қолына ала алады.

Фото: newsroom.tiktok.com/ru-kz
22 ақпан 2024 ж. 220 0