Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » TikTok қызметін тоқтатты

TikTok қызметін тоқтатты

TikTok желісіне әлемнің әртүрлі елдері тыйым сала бастады. АҚШ-тың штаттары желіге шектеу қойды, Ұлыбритания мен ЕуроОдақ құрылымдарының шенеуніктеріне желіні қолдануға тыйым салынды. Енді қай елдерде TikTok қызметін тоқтатады

BBC News әлеуметтік желінің қиындықтары туралы жазды. TikTok желісі жасөспірімдерге кері әсер тигізіп қана қоймай, экономикалық жағынан да бірқатар елдердің алаңдаушылығын туғызуда. Aikyn.kz бұл желінің электронды коммерцияға кері әсерін британдық басылымға сілтеме жасай отырып түсіндіреді.

Оңтүстік-Шығыс Азияның ең ірі экономикасы саналатын Индонезияда TikTok желісін электрондық коммерцияда қолдануға тыйым салынды. Индонезияда 125 миллионнан астам TikTok пайдаланушысы бар. TikTok қолданбасы Индонезияда қабылданған жаңа ережелерге сәйкес онлайн-сауда қызметін тоқтатады.

Индонезия 2021 жылы қолданбаның электрондық коммерция қызметіне рұқсат берген бірінші ел болды. Содан бері TikTok Shop-тың үлкен нарықтарының біріне айналды.

Өткен аптада Индонезия TikTok сауда жасау функциясын видео алмасу қызметінен бөлуге мәжбүр ететін ережелерді жариялады. Шешім Джакарта уақытымен 17:00-де (GMT 10:00) күшіне енеді.

Бұл шешім Индонезия президенті Джоко Видодо өткен айда: «Біз электронды коммерциямен абай болуымыз керек. Ережелер бар болса, бұл өте жақсы құрал, ережелер жоқ болса, ол нашар болуы мүмкін».

TikTok болса: «Біздің басымдылығымыз – жергілікті заңдар мен ережелерді сақтау. Сондықтан бұдан былай TikTok Shop Индонезияда электрондық коммерция транзакцияларын орындамайды», – деген мәлімдеме таратты.

Индонезияда соңғы жылдары интернет-дүкен күрт өсті. Елдің орталық банкінің мәліметі бойынша, электрондық коммерцияның сатылымы 2018-2023 жылдары алты есе артып, 44 миллиард долларды құраған.

278 миллионнан астам халқы бар елде 125 миллион TikTok пайдаланушысы бар. Бұған өнімдерді жылжыту үшін TikTok дүкенін пайдаланып ақша табатын 6 миллион сатушы мен миллиондаған авторлар да кіреді.

Маусым айында TikTok компаниясының бас директоры Шу Цзы Чу Индонезияға барып, алдағы үш-бес жылда аймаққа миллиардтаған доллар инвестициялауға уәде берді.

Жаңа ережелер TikTok үшін тағы бір сәтсіздік болды. АҚШ-та, ЕуроОдақта және Ұлыбританияда қызметі шектелген компания енді қандай елде жұмысын тоқтататыны белгісіз.

Сурет: ernur.kz
09 қазан 2023 ж. 211 0