Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » TikTok-та Наурыз туралы видеороликтер 120 миллионнан аса қаралым жинады

TikTok-та Наурыз туралы видеороликтер 120 миллионнан аса қаралым жинады

TikTok-та Наурыз туралы видеороликтер 120 миллионнан аса қаралым жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
TikTok қысқа видеороликтер жасауға арналған жетекші платформасы #Наурыз2023 онлайн-фестивалін қорытындылады. Шара платформа қауымдастығында айрықша назарда болды, хэштег бойынша контент 120 миллион рет қаралды. TikTok-тағы алғашқы онлайн-фестиваль Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ және TikTok-тағы танымал контент авторларының қолдауымен өтті. Сондай-ақ, TikTok үздік роликтер байқауының жеңімпаздарын жариялады: жеңімпаздар Қазақстанның ең сұлу мекендеріне саяхаттайды.
TikTok-та көктем мерекесі Наурызға арналған онлайн-фестиваль платформаның Қазақстандағы ірі қауымдастығының басын қосты. Еліміздің түкпір-түкпірінен қолданушылар Наурызды қалай атап өткенін паш етті: бір-бірін құттықтады, мерекелік тағамдар дайындады, ұлттық әндер орындады, өз өңіріндегі мереке тарихы мен дәстүрлері туралы әңгімеледі. Мереке қолданушылардың айрықша қызығушылығын оятты: жобаның хэштегі бойынша роликтер 120 миллионнан астам қаралым жинады.
Қолданушылар Наурыз-көже, дәмі тіл үйіретін асылған ет пен қуырдақ, бауырсақ және басқа да ерекше мерекелік тағамдардың рецептін белсенді бөлісті. Қазақстандықтар еліміздің түкпір-түкпіріндегі мерекелерден репортаж жүргізді, халықтық мерекелерді көрсетіп, өздері де қатысты. Контент авторлары мерекенің тарихы, оның дәстүрлері туралы әңгімелеп, дәстүрлі киімдер мен зергерлік бұйымдардың сұлулығын көрсетті және, әрине, платформаны ұлттық музыкамен толтырды. Мерекенің басты музыкалық трендтерінің бірі дәстүрлер мен заманауи мотивтерді үйлестіретін "Қамажай" қазақ халық әнінің ремиксіне би болды.
Жобаға қатысқан барлық қолданушы арасында ең жаңашыл видеороликтердің авторлары анықталды. Фестивальдің жеңімпазы Қазақстанның түкпір-түкпірінде Наурыз қалай тойланатыны туралы көркем суреттеме жасаған бірінші орынды жеңіп алды. Ал екінші орынды асылған еттің отбасылық рецептін бөліскен алды. Үшінші орын таудағы би түсірілген ролик авторлары иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер жоба серіктестері - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы" АҚ-дан, "Rocket Go Travel" туристік компаниясынан бағалы сыйлықтар алады: олар Қазақстанның ең әдемі жерлеріне саяхат жасайды.
"Біз Қазақстандағы ірі қауымдастықпен бірге Наурыз мерекесін атап өтіп, жарқын және әсем онлайн-фестиваль алаңына айналғанымызға өте қуаныштымыз. TikTok-ты мерекенің барлық түсімен, оның әуендерімен, дәмі тіл үйіретін тағамдарымен, билерімен және керемет көңіл күйімен толтырғаны үшін қолданушыларымызға рақмет! Сіздердің арқаларыңызда бүкіл әлем бойынша Қазақстанның мәдениеті қаншалықты әдемі және бірегей екені туралы барынша көп адам біле алады", - деп пікір білдірді TikTok-тың Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы Операциялық бөлімінің басшысы Екатерина Блинец.
Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева жоба еліміздің әр өңіріндегі мерекенің ерекшеліктері туралы айтып, мәдениетіміздің алуан түрлілігін заманауи форматта көрсетуге мүмкіндік бергенін атап өтті.
"TikTok Қазақстандағы әртүрлі ұрпақтар арасында, соның ішінде жастар арасында танымал. Осылайша, біздің ұлттық дәстүрлерімізді онлайн-платформалар арқылы насихаттау өте маңызды", - дейді Мөлдір Әбдуалиева.
"Kazakh Tourism "ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Талғат Аманбаев биыл мерекенің ауқымы әсерлі болғанын айтады.
"TikTok-пен серіктестігіміздің арқасында Қазақстандағы ең жарқын мереке – Наурызды тойлауға көбірек назар аудара алдық және әлемнің түкпір-түкпірінен қолданушыларымызға еліміздің әртүрлі өңіріндегі мәдениеттің алуан түрлілігі мен байлығын көрсете алдық. Шын мәнінде, биыл мерекенің ауқымы әсерлі болды және бұл еліміздің бірқатар өңірінде туристік маусымның ашылуының символы іспетті болды", - деп ойын бөлісті Талғат Аманбаев.

tengrinews.kz​​​

01 сәуір 2023 ж. 272 0