Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзбекстан мәдениет министрлігіндегілер ұлттық тақия киіп жүрмек

Өзбекстан мәдениет министрлігіндегілер ұлттық тақия киіп жүрмек

Өзбекстан мәдениет министрлігінің қызметкерлері енді жұмыста тақия киіп жүреді, деп жазады Egemen.kz.

Бұл туралы көрші елдің мәдениет министрі Озодбек Назарбеков Конституция күні қарсаңында жариялады.
Өзбек министрінің айтуынша ол осы бастамасымен ұлттық дәстүрді насихаттауды қолдайтынын көрсетпек.
Озодбек Назарбековтің бейнеүндеуінде министрлік қызметкерлерінің тақия киіп жүргені де көрсетілген.
«Мәдениет саласының өкілдерін осы бастаманы қолдауға үндеймін», деді Өзбекстан Республикасының мәдениет министрі.
Бұның алдын Мәдениет министрлігі Ташкентте TikTok Fest концертін ұйымдастыруға қарсы шыққан. Министрлік бұл шешімін «өзбек халқының ұлттық менталитетіне сай емес концерт» деп түсіндірген.



09 желтоқсан 2021 ж. 428 0