Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Депутат Қазақстанда TikTok-қа тыйым салуды ұсынды

Депутат Қазақстанда TikTok-қа тыйым салуды ұсынды

Мәжіліс депутаты Аманжол Алтай кәмелетке толмағандарға TikTok желісін пайдалануға тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.Мәжіліс депутаты вице-премьер Алтай Көлгіновке депутаттық сауал жолдады.

Депутат өз сөзінде соңғы кездері жасөспірімдер арасында жантүршігерлік оқиғалардың жиілеп кеткенін атап өтті.

«Бізді елең еткізген Түркістандағы мектеп оқушысының өлімі, Қазалыда қатты соққыдан ес-түссіз қалған баланы тепкілеген жасөспірімдердің әдепсіз әрекеті, Өскеменде қыздың ауыр соққыға жығуы – менің бүгінгі уайымым», деді депутат.

Депутат Ішкі істер министрлігінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидаттарын қайта қарауды, сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігіне мектептердегі мұғалімдердің академиялық білімін ғана емес, сонымен қатар білім деңгейін бағалау тетіктерін енгізуді ұсынды.

«Әлеуметтік мұғалім, сынып жетекшісі іс-шараларды ұйымдастыру принциптерін қайта қарау керек. Қазақстанда балаларға шексіз қызмет көрсететін TikTok әлеуметтік желісін кәмелетке толмағандар арасында пайдалануға тыйым салу керек», деп түйіндеді сөзін Аманжол Алтай.
12 сәуір 2023 ж. 290 0