Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қанша уақыт жұмыс істейсіз?

Қанша уақыт жұмыс істейсіз?

Жұмыс уақыты тәртібін бұзу – еңбек саласында ең жиі тіркелетін заң бұзушылықтың бірі. Кө­біне-көп мемлекеттік қызметшілер өздерін ті­келей басшыға тәуелді санап, артық жұмыс іс­теуге мәжбүр болатыны жасырын емес.

Конституцияның 24-ба­бының 1 жә­не 2-тармақтарына сәйкес әркімнің қауіп­сіздік және гигиена талаптарына сай келе­тін еңбек жағдайларына, қандай да бір кемсітусіз еңбегі үшін сыйақыға, сондай-ақ жұ­мыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар. Ал Ха­лық­аралық еңбек ұйымы 2006 жылғы 15 маусымдағы ұсы­нысында мүше мемлекеттер еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық саясатты жүр­гізуі керек екенін атап көрсетті.

Еліміздің Еңбек кодексінде әркім­нің жұмыс уақытының қалыпты ұзақты­ғына, қандай да бір кемсітушілік пен мәж­бүрлеусіз еңбекке еркін келі­суге құқы­ғы бар екендігі ай­тылған. Бұл ретте, жұмыс беру­шінің еңбек қатынастары үдерістерінде қызметкерді кез келген себеппен кемсітуге құқығы жоқ. Осылайша, ел Конс­титуциясы мен өзге де заң­намалық актілер адам құ­­қық­тарын қорғау, еңбек қа­ты­настары саласындағы кем­сі­тушілікті болдырмау қажет­тігін айқындайды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыс уақытының қа­лыпты ұзақтығы аптасына 40 сағатты құрайды. Бұл рет­­те, еңбек шарты қалыпты уа­­қыт үшін төлеммен жұ­мыс уақытының аз ұзақ­ты­ғын көздеуі мүмкін. Ал кей адам­дарға қысқартылған жұмыс уақыты белгіленеді. Мәселен, 14 пен 16 жас аралығындағы жеткіншектер аптасына 24 сағаттан артық жұмыс істемеуі керек. Ал 16 жастан 18 жасқа дейінгі қызметкерлердікі 36 сағаттан аспайды. Ауыр және зиянды жұмыстармен айналысатын қызметкерлер – 36, І және ІІ топтағы мүгедектігі бар қызметкерлер де 36 сағат­тан аспайды.

Қызметкер мен жұмыс бе­ру­ші жазбаша келісім жасасып, 40 сағаттан аспайтын толық емес жұмыс уақытын белгілей алады. Мұндай ұзақтық жыл сайынғы ақылы демалыстың ұзақтығына, еңбек өтілін есептеуге және басқа құқықтарға әсер етпейді. 2023 жылғы 1 мау­сымнан бастап төрт күндік, бес күндік және алты күндік жұмыс апталарын ауыстыруға мүмкіндік туды. Мұндай жүйемен, мысалы, бір апта ішінде азамат бес күндік кес­темен, ал екіншісі төрт күндік кестемен жұмыс істей алады. Бұл кесте қызметкердің арызы және жұмыс берушінің келісімімен белгіленеді.

Үстеме жұмыс әрбір қыз­меткер үшін тәулік ішінде екі сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда – бір сағаттан аспауға тиіс. Ал мұндай жұмыстардың жалпы ұзақтығы төрт күндік, бес күн­дік және алты күндік жұ­мыс аптасында айына он екі сағаттан және жұмыс уа­қы­ты­­ның жиынтық есебін бел­гі­леу кезінде жылына жүз жи­ыр­ма сағаттан аспауға тиіс.

Мемлекеттік қызм­етші­лердің жұмыс уақыты да мем­­лекеттік қызметшінің қыз­­метіне байланысты ерекше­лік­терді ескере отырып, еңбек заң­намасымен реттеледі. Мә­се­­лен, мемлекеттік қызмет­ші­­лер үшін екі демалыс күні бар­ бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Бұл рет­те, шұ­ғыл, алдын ала күтпеген жұ­­мыс­­­тарды орындау үшін мем­ле­кеттік қыз­мет­шілер еңбек заң­­­­­на­­масына сәйкес, яғни қыз­мет­­­­кердің келісімімен үсте­ме жұмысқа, демалыс және мереке күн­дері жұмысқа тартылуы мүмкін.

Үстеме жұмыс істеген жағ­­дайларда мемлекеттік қыз­­метшіге демалыс күн­де­­рі (сағаттары) беріледі неме­­се жұ­мыс мемлекеттік қызмет­ші­лердің еңбе­гіне ақы тө­леу жүйе­сіне сәйкес өте­ле­ді. Алай­да іс жүзінде аза­мат­­тар­дың құ­қық­­тарын қор­ғау­ға бағытталған еңбек заңна­масының белгіленген нормала­ры өрескел бұзылып жатады. Басшы­лар мемлекеттік қызметшілерді, жұмыс­шы­­л­арды жұмыста қалуға, ар­тық жұмыс істеуге, демалыс күндері жұмысқа шығуға мәжбүр етеді.

Еңбек қатынастарында жұ­мыс беру­ші басым тарап болып табылатынын на­зар­ға ала отырып, бұл тең­сіз­дікті қыз­метшінің, қыз­меткердің құқықтары мен бос­тандықтарына нұқсан келтіре оты­рып пайдалану қаупі болады. Ең­бек саласындағы аза­маттардың конс­ти­туциялық құқықтары мен бостандық­тарын қорғау мақсатында артық жұмыс істеуге мәжбүр болған азаматтарды кем­сітушілікке қарсы қорғауды заңнамалық тұрғыдан бекі­ту қажет. Азаматтарды олар­дың келісімінсіз, тиісті бұй­рық­сыз және төлемсіз үс­те­ме жұмыстарға тарту тәжі­ри­бесі азаматтардың демалыс құқықтарын өрескел бұ­зады және жұмыс беруші­лер тарапынан түрлі кемсі­ту­шілік теріс пайдалану мүм­­кіндігін туғызады. Сал­­да­ры­нан қызметкерлер, мем­­лекет­тік қызметшілер де­малу құқығынан айырылып қана қоймай, жұмыста негіз­сіз кідіріспен байланысты әлеуметтік – отбасылық, тұр­мыстық мәселелерге тап болып жатады.

Мемлекеттік қызметші­лердің, қызмет­керлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселесі – өзекті, өйткені азаматтардың құқықтарын бұзу қоғамдағы әлеуметтік шиеленістерге де әкеп соғады. Сондықтан келісім мен тиісті төлемі бол­маған кезде артық жұмыс істейтін азаматтарды қорғауда кемсітушілікке қарсы нормаларды заңнамалық тұрғыдан бекіту қажет. Сондай-ақ ең­бек заңнамасына еңбек қа­тынастары саласындағы кем­­­­сі­тушілік ұғымын енгі­зу маңызды. Мұнда кемсі­ту­­­ші­­­лікке жол бермеу жө­нін­­дегі негізгі консти­ту­ция­лық та­­лаптардан бас­қа ең­бек қа­ты­нас­тары шеңбе­рінде құқық­тар мен бостан­дық­тардың кемсітілуін көрсету қажет.

Жұмыс берушінің мем­ле­кет­тік қызмет­шіге, қыз­меткерге үстеме жұмыс­ты орын­дау, жұмыс күні аяқ­тал­ғаннан кейін тиісті тө­лем­сіз және еңбек заңна­ма­сын­да көзделген негіздерге қарамастан жұмыс орнын­да қалу туралы талабы бір сөзбен айтқанда – мәжбүр­леу. Сондықтан еңбек сала­сын­дағы кемсітушілікке жол бергені үшін әкімшілік жауап­кершілікті енгізу мүмкіндігін қарастыру қажет.

Қазіргі уақытта Адам құ­қықтары жөніндегі ұлттық ор­талық адам құқықтары және заңның үстемдігі сала­сын­­дағы іс-қимыл жоспа­рын орындау аясында жұрт­шылықпен бірлесіп әйелдер­ге, оның ішінде еңбек қаты­нас­тары саласындағы адам құқықтарына қатысты кемсі­ту­шілікті жою жөнінде заң­на­малық түзетулерді пысықтап жатыр.

Болат БЕЙІСОВ,
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың бөлім меңгерушісі

Ақпарат көзі: egemen.kz
Фото: ашық дереккөз 
27 ақпан 2024 ж. 251 0