Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерекелік құттықтау

Мерекелік құттықтау

«Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ директоры Жанар ӘЛІШЕВАҒА:
Көктем келіп құлпырды дала сыры,
Әйелдерді ұлықтап бар асылы.
Мерекеде құттықтау жыр арнайын,
Ол кісі руханияттың жанашыры.

Еңбегі татитын мың тағылымға,
Қолдауың бар жастар жалынында.
Тілді және кітапты сүйген жандар,
Сізге алғысын ақтарар анығында.

Сұлулар үшін бұл дүние жаралғандай,
Бүгінде әлем қандай, ғалам қандай?!
Жанар апай, жаһанның бар жылуы,
Жайдары жүзіңізден таралғандай.

О. ЖОЛДАСОВ
08 наурыз 2024 ж. 168 0