Жалақыдан қанша сома жинап отырған дұрыс?
Күтпеген жағдай немесе шығын болған кезде әр адамда қаржылық жинақ болуы керек. Мұдай жинақ түрлі шығындарға дайын болуға көмектеседі. Экономист Павел Шеремета "Styler"-ге кірістен қанша алып қойып отыру керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Сарапшы ақша жинауды бастау ешқашан кеш емес екенін айтты.
"Ай сайын жалақыдан қанша сома алып қою сіздің кірісіңіз бен шығыныңызға байланысты. Мен өзім үшін мынадай шешім қабылдадым: кірістің 15-30%-ын жинап отыру керек. Бұл қозғауға болмайтын қор деп ішкі тәртіпті қалыптастыру керек", - дейді Павел Шеремета.
Егер кірісіңіз одан көбірек жинауға мүмкіндік берсе, көбірек жинаңыз. Ал егер өмір көп шығынды талап етсе, оған түсіністікпен қараңыз.
Экономист мүмкіндік болса, несие алмауға кеңес берді.
"Несие – жағымсыз жинақ, себебі сіз банкке қарызсыз. Онымен абай болу керек. Несиелерді қайтару қабілетіңізге қараңыз. Мен мүлдем несие алмау принципімен өмір сүретін адамдарды құрметтеймін", - дейді ол.
Фото: ашық дереккөз










