Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда көліктерді тіркеу жүйесі өзгереді

Қазақстанда көліктерді тіркеу жүйесі өзгереді

Қаржылық мониторинг агенттігі елдегі мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы көлікті тіркеу, есепке қою тәртібін тексеруді бастады, деп жазады Egemen.kz.

Жүйелі тексеруге Қазақстанға әкелінген жүк көліктері мен автобустарды заңсыз есепке қою фактілерінің жиілеуі түрткі болған. Мәселен, 2023 жылғы тамыз айынан бері осындай заңсыздыққа барғандардың үстінен 23 қылмыстық іс қозғалған. Осы істер бойынша 3 мыңға жуық автокөлік заңсыз тіркелген. Ал мемлекетке келген залалдың көлемі 14 миллиард теңгеден асқан.

Қаржылық мониторинг агенттігі, Цифрлық даму министрлігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» өкілдері бірлесе өткізген жиында алаяқтар көлікті заңсыз тіркеу үшін 4 негізгі схемаға сүйенетінін анықтады.

«Қазіргі кезде ақпараттық жүйелердің интеграциясы толығымен жасалды. Соның арқасында VIN енгізу кезінде авто туралы барлық деректер автоматты түрде ақпараттық жүйеден тартуға және төленуге жататын алымдар мен төлемдерді есептеуге мүмкіндік бар», деді Цифрландыру вице-министрі Асқар Жанбакин.

Процесс барысында алғашында деректерді ХҚО мамандары енгізеді. Жүйе жаңартылғанда ақпараттар автоматты түрде жаңарады.

Фото: ашық дереккөз 
14 наурыз 2024 ж. 156 0